ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУ ЖАСТАР ҮШІН МІНДЕТТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова Еңбекші ауданының жастарымен кездесті. Кездесудің мақсаты — қаламыздағы жастардың түрлі бағыттағы мәселелері мен ұсыныс пікірлерін тыңдау.Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жастардың  жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін мәселелері және орта арнаулы оқу орнындағы бітіруші мамандық иелеріне мемлекеттік бағдарламалар, жеке кәсіпкерлік, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй және білім саласы төңірегінде мәліметтер айтылып, пікір алмасты. Кездесу барысында басқарма басшысының орынбасары Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты. Оларды қоғамға бейімдеп, келешекте отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған  үлес  қосуға шақырды. Кездесу барысында Мөлдір Тұрсынбекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап беріп, сәттілік тіледі.Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады.Онда жаңа, әділетті Қазақстанды құру жөніндегі кезекті қадамдар белгіленді. Сондай-ақ, елімізде қордаланған мәселелерді шешу жолдары, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған, мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа міндеттер де назардан тыс қалмады. Жолдауда жастарды баспанамен амту мәселесі де айтылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.