Шардаралық шымыр қол күресшілер әлем құрамасын мойындатты

Түркістан облысы, Шардара қаласында «Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы» арасындағы жекпе-жек кездесу өтті.


Аталмыш байрақты бәсекеде Әлем құрамасы сапында Ресей, Грузия, Латвия, Украина, Өзбекстан елдерінен келген Әлем, Еуропа, Азия чемпиондары бақ сынады.

Әлем назарын аударған жекпе-жектің алғашқы кездесуі 57 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген шардаралық Нұрмахан Ердаулет пен ресейлік Ахмат Айбазов арасында өтті. 5 раундық жекпе-жекте 5:0 есебімен қазақ балуаны жеңіске жетті.

70 келі салмақта «Shardara.Armsport» клубының спортшысы Қадір Нұрдаулет, грузиялық спортшы Вилени Габраваны өте тартысты әрі қызықты өткен сайыста  4:1 есебімен жеңіп, Қазақ елінің намысын абыроймен қорғады. Ал, 78 келі салмақта бақ сынаған «Shardara.Armsport»  клубының спортшысы Айдархан Нұрдаулет, украиналық қарсыласы Роман Мантиканы  5:0 есебімен жеңіп, «Shardara.Armsport»  құрамасының еншісіне тағы бір жеңіс сыйлады.

Кіл мықтылар арасында өткен жекпе-жекте 86 келі салмақта «Шардара Армспорт» құрамасының спортшысы, әлемге «ең жылдам» атымен танымал болған Талғат Ақтаев, латвиялық спортшы Владислав Красовскийге қарсы бақ сынады. 5 раундтық жекпе-жектің нәтижесі бойынша 4:1  есебімен Талғат Ақтаев жеңіске жетіп, өз мықтылығын тағы бір мойындатты.

Соңғы жұп осы сайыстың ең ауыр салмағы 95 келіде «Шардара Армспорт» құрамасының сапынан Қаржау Есболат бақ сынап, Өзбекстан елінің спортшысы Жасур Алиакбаровқа қарсы өткен 5 раундтық жекпе-жекте 4:1    есебімен  Өзбекстан спортшысын тізе бүктірді.

«Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы» арасындағы жекпе-жек кездесуінде, жалпы командалық есепте  5:0  есебімен «Шардара Армспорт» құрамасы жеңіске жетіп, Қазақ елінің абыройын асқақтатты. Айта кетейік, шардаралық спортшылар алдағы уақытта «Шардара VS Азия», «Шардара VS Еуропа» жарыстарын өткізуді де жоспарлап отыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. hey there and thank you for your information – I have definitely picked up anything new from right here.
    I did however expertise a few technical issues using this
    site, since I experienced to reload the site many times previous to I could
    get it to load properly. I had been wondering if your web hosting is OK?
    Not that I am complaining, but sluggish loading
    instances times will sometimes affect your placement in google and could damage your high-quality score if ads and marketing with Adwords.

    Anyway I’m adding this RSS to my e-mail and could look
    out for much more of your respective intriguing content.

    Ensure that you update this again very soon.. Lista escape roomów

  2. Hey There. I found your blog using msn. This is a really well written article.

    I’ll make sure to bookmark it and come back to read more of your useful information. Thanks for the post.
    I will definitely return.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.