Шардара: Ардагерлер кеңесінің VІІІ конференциясы өтті

Шардара аудандық ардагерлер Кеңесінің VIII конференциясы өтті.


Конференцияға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, Түркістан облысытық мәслихатының депутаты Б.Серманизов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, әжелер алқасының төрайымы Ж.Төлешева және басқа да кеңес мүшелері мен ұйымдардар қатысты.

Жиын ҚР Әнұранымен басталып, ізінше аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков аудандық ардагерлер кеңесінің екі конференция аралығындағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Т.Бердібеков ардагерлер кеңесінің саяси тұрақтылықты сақтай отырып, әрқашан бітімгерлік тұрғысындағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталды. Сондай-ақ, аудан басшылығының ардагерлермен бірлескен жұмыстарына тоқталып, өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар аудандық әжелер алқасының төрайымы Ж.Өтегенқызы сөз алып, ардагерлер кеңесінің атқарылған және атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, оң пікірін білдірді. Бұдан бөлек аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов ардагерлер кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық баға беріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Конференция соңында Қ.Ілесов аудандық ардагерлер кеңесінің алдағы атқаратын жұмыстарының қаулысымен таныстырып, бірауыздан жұмыс жоспары бекітіліп, ардагерлер кеңесінің мүшелерін қайта жаңартылып сайланды.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері бірауыздан келісіп, Бердібеков Тоқсанбай Бердібекұлын Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп сайлады.

Конференцияда қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Жолдыбай және облыстық мәслихатының депутаты Б.Серманизов аудандық ардагерлер кеңесінің жұмыстарына оң бағаларын беріп, игі бастамаларына алдағы уақытта әрқашан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.