Шардара: Көксу, Қызылқұм ауылының шаруаларымен кездесу өтті

Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша тасымалдау, жеткізіп беру, жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасын нақтылау жөнінде Көксу, Қызылқұм ауыл округтерінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен кездесулер өткізілді.


Кездесуге аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, жанар-жағармай тасымалдаушы оператор «Нұрасу Юг» ЖШС-ның өкілі Г.Жақыпбекова, аталған ауылдардың әкімдері И.Әділхан, Н.Исаевтар, кооператив, шаруа қожалық төрағалары, ауыл округтеріндегі жанар-жағар май бекетінің иелері қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл аталған ауылдарда жиындарды жүргізе отырып, өз сөзінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбаевтің бекіткен кестесіне сәйкес, Шардара ауданына 2021 жылы аудандағы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген жанар-жағар майды (дизель отыны) агроқұрылымдардың уақтылы алу, бағасын 1 литрін 172,0 теңгеден сатылу керектігін, сол үшін өздеріңізбен келісім жасау жөнінде оператордың өзі арнайы келіп отырғандығын жеткізді.

Өз кезегінде жанар-жағармай тасымалдаушы оператор «Нұрасу Юг» ЖШС-ның өкілі Г.Жакипбекова қажетті жанар-жағармайды уақтылы жеткізуді тиісті деңгейде ұйымдастыруды қолға алатындығын және калькуляцияға сәйкес, бекітілген бағада әр литрін 172,0 теңгеден жергілікті жанар-жағармай бекеттері иелерінің шығынын қоса есептегенде өзіне бекітілген ауыл округтеріне тасымалдап беретінін, шаруаларға барынша қолдау білдіретінін, жанар-жағармайдан ешқандай тапшылық болмайтынын айтты. Сонымен қатар жанар-жағармай тасымалдауға ауыл округі аумағында орналасқан жанар-жағармай бекетінің басшысы Ә.Спановпен және Қызылқұмдық кәсіпкер Р.Сулеевпен келісімге келіп, бүгінгі таңда Көксу ауылына 70,0 тонна жанар-жағармайдың босатылғанын жеткізді. Кездесуде барысында шаруалар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, толыққанды талқыланып, аталған 2 ауыл округіндегі агроқұрылымдар өкілдері бір ауыздан бір шешімге келісті.

Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл Үкімет тарапынан күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 4030,0 тонна жанар-жағармай (дизель отыны) жөнінде халыққа кеңінен хабарлауды осы тұрғыда ауыл әкімдіктерімен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқару керектігі жөнінде айта келе мәжілісті қорытындылады. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.