Шардара: Тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік тарапынан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» Тұрғын үй қорын жаңғырту саласына сәйкес, 2014, 2017, 2019 жылдары аталған бағдарлама аясында Шардара қаласындағы 23 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Ал «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша, 2021 жылы Шардара қаласындағы 17 бірлік көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталған.

Күрделі жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, үйдің шатырын ауыстыру, сыртқы және ішкі қасбеттерін әрлеу, кіреберіс есіктерін және подъез терезелерін ауыстыру, суағарлар орнату, инженерлік-коммуникация (ауыз су және канализация) жүйелерін ауыстыру жұмыстары қарастырылған.

Айта кетсек Шардара қаласында 75 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 4 қабатты тұрғын үй саны 22 бірлік, 2 қабатты тұрғын үй саны 53 бірлік құрайды. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің 67 бірлігі кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.