Шардара: 16 шақырымды құрайтын қала көшелерін асфальттеу жұмыстары басталды

Шардара қаласы бойынша 2021 жылы жоспарланған жол құрылыстарына жергілікті бюджет қаржысы есебінен, жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 31 көше орта жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.


Атап айтқанда Арбақалды, Тажиев, Мұханов, М.Жалау, Өрбісұлы, Айбергенов, Ералиев, Қашаған, Өтемисов, Қалнияз, Жұбанов, Бұқар жырау, Наурыз, Тілеген ата, Шаяхметов, Молдағұлова, Қазыбек би, Иманов, Қолдасов, Аманжолов, Әлімбетов, Байтуғанов, Есалиев, Торайғыров, Спатаев, Сырымбет, Ерубаев, Аширов, Ерубаев, Төле би және АльФараби көшелерін орта жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Оның ішінде: Арбақалды, Тажиев, Муханов, Наурыз, Тілеген ата, Шаяхметов, Молдағұлова, Есалиев, Аманжолов, Әлімбетов және

Қолдасов көшелерінде орта жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.

Ал қалған Шардара қаласындағы орталық Төле би, С.Аширов және әл-Фараби және Ерубаев, Қазыбек би көшелерін орта жөндеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстардың нормативтерін қатаң сақтап, сапасыз жұмыстардың (асфальтобетон жабыны қалыңдығының жетіспеуі, а/б ұшуы, шашылуы және тағы басқа) алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен біргелесіп, жол жабынына сараптамалар тұрақты жүргізіліп, бақылауға алынған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.