Шымкенттегі №12 спорт мектебінің қосымша ғимараты жыл соңында пайдалануға беріледі

Шымкенттегі №12 спорт мектебінің қосымша ғимараты жыл соңында пайдалануға беріледі,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу жұмыстары өткен жылдың жазында басталды. Айта кету керек, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «КАЗОЙЛСЕРВИС» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде.

Аталмыш жобаның жалпы құны 750,5 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жер жұмыстары – 10 пайызға, ирригация – 20 пайызға орындалып отыр.

Қосымша ғимарат спорт мектебі болмақ. Спорт мектебінде 6-18 жас аралығындағы жастарды спорттың 8 түрінен спортқа баулиды. Атап айтқанда волейбол, бокс, дзюдо, еркін күрес, үстел теннисі, баскетбол, таеквондо, пауэрлифтинг. Бүгінде мұнда 746 спортшы шұғылдануда.

Қосымша ғимараттың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Жаңа нысанда қосымша 200 спортшының жаттығуына және түрлі спорт ойындарынан жарыстар өткізуге мүмкіндік туады. Одан бөлек бадминтон спорт түрін қосу да көзделіп отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.