Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылуда

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Үшінші мегаполисте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері 472 жұмыссыз жас бағдарлама аясында медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша түрлі мекемелерге, кәсіпорындарға жолданды.

Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Бағдарламаға қатысу үшін 29 жастан аспаған жұмыссыз және 2018-2020 жылдары жоғарғы оқу орындарының түлектері мамандығы бойынша қатыса алады. Мерзімі – 6 ай, жалақысы – 25 АЕК.

Ескертетін бір жайт, бағдарламаға жастар бір-ақ рет қатыса алады. Бұл бағдарламамен биыл 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Айта кетейік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3ші бағыты – Жастар практикасы. Бұл бағдарламаның  жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретінін  қазір жастар жақсы біледі. Іс-тәжірибеден өтуге келгендерге жалақы төленеді.  Сол себепті  де  өз мамандығын  терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастардың қатары  көбейген.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.