Шымкентте ЖРВИ бойынша 126 635 адамға вакцияна салынды

Шымкент қаласында бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты.


Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов эпидемиологиялық ахуал бойынша баспасөз брифингін өткізді.
 
Шымкентте коронавирус инфекциясынан жалпы 5 129 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Пневмония бойынша 1 тамыздан бері 904 адам, соңғы тәулікте 16 адам тіркелді.
 
Қалада ЖРВИ бойынша вакциналау 14-ші қыркүйектен басталған еді. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, қазіргі таңда 126 635 адамға вакцина салынды.
– Өкінішке қарай, бүгінде 7 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың бәрі онлайн қашықтықта оқып жатқан шәкірттер. Жалпы қалада қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бәрі өзімізге байланысты екенін айтқым келеді. Егер тұрғындар әлеуметтік қашықтықты сақтап, карантин шараларына мән берсе, бұл індеттен тезірек құтыламыз. Сол себепті тұрғындарды өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырамын, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.
 
Қалада коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ұйымдастырылды. Онда 17 КТ және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге, 6 ПТР зертханасының 2-уі жаңадан ашылды. Олар тәулігіне 2 500 тест қабылдайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.