Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін Қазақстан халқы 7-мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтуде. Бұл күні республиканың түкпір-түкпірінде түрлі әскери-патриоттық шаралар өтеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі болып табылады.Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды. Осыған орай, Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне «Ел қорғаны — ел қорғаған батырлар» атты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кеште Шымкент мәдениет үйінің өнерпаздары, 35748 Әскери бөлімінің «Барлау» ротасы, 6506 әскери бөлімінің оркестрі, опера және балет театры, Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің өнерпаздары, мектеп оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке көтеріңкі рух сыйлады.
Сонымен қатар, алаңға жиналғандар Шымкент Әскери гарнизонының әскери техникаларының көрмесін тамашалады.
Бұл мереке жалпыхалықтық мереке деуге болады. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірінің күзетінде тұрған әскери қызметкерлер мен сарбаздардың Отан қорғаудағы үлесі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Шымкентте қазір барлық деңгейдегі әскери ардагерлер «Ауған соғысы», «Тәжік-Ауған қақтығысы», «Таулы Қарабах», «Чернобль апаты», «Семей- сынақ» полигонына қатысқан ардагерлер, Желтоқсан қатысушылары және еліміздің Қарулы күштері мен шекара қызметінің ардагерлері бір қоғамдық бірлестікке жұмылып, жастарды Отанын қорғауға үгіттейтін, насихаттық іс-шараларды бірлесе атқарып келеміз. Олай болса, Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болғай, — дейді отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.