Шымкентте аналар мен балаларға арналған тегін курстар ашылды

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» орталығы көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға барынша атсалысуда.


Орталықта аналар мен балаларға 6 бағыт бойынша тегін курстарға жазылу мүмкіндігі бар:

  1. Тігіншілік курсы (киім, төсек жабығы, тері бұйымдарын тігу);
  2. Компьютерлік сауаттылық курсы (аналарға Егов порталымен жұмысты үйрету);
  3. Логопед курсы (тіл мүкістігі бар баламен жұмыс істеуге анасын баулу);
  4. Массаж курсы (жас аналарға сәбиге массаж жасауды үйрету) ;
  5. Сазбалшық терапиясы, қыш құмыра жасау өнері (мүгедектігі бар аналар мен балаларға);
  6. Шахмат үйірмесі (5 жастан асқан балаларға).

Тігіншілік курсы – аптасына 5 күн, 3 ай оқудан кейін сертификат беріледі, жазылам деушілер 87020231189 нөміріне хабарласып жазылады.

Компьютерлік сауаттылық курсы – аптасына 5 күн, жауапты маманның нөмірі 87754657676

Логопед курсы – аптасына екі рет, 2 сағаттан, жауапты маманның нөмірі 87053660400

Массаж курсы – аптасына екі рет, 2 сағат, жауапты маманның нөмірі 87076159687

Сазбалшық терапиясы курсы – аптасына екі рет, 2 сағат дүйсенбі сәрсенбі күндері, жауапты маманның нөмірі 87753267788

Шахмат үйірмесі – аптасына екі рет, 2 сағат, жауапты маманның нөмірі 87470493601

Вацап желісінде «Шаңырақ курстары» тобына қосыла аласыздар, сол топта барлық сұрақтарға жауап алуға болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.