Шымкентте ауыр халде ауруханаға түскен қария короновирустан жазылып шықты

Шымкентте ауыр халде ауруханаға түскен 86 жастағы қария короновирустан жазылып шықты,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Шымкент қаласында 86 жастағы Жалғас Сулайманов есімді азамат 21 ақпан күні ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын.

Дәрігерлер компьютерлік томографияның көмегімен жұқпалы дерт қарт кісінің өкпе тінінің 80% зақымдағанын анықтаған. Медицина мамандары науқасты реанимация бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Вирусқа қарсы жүргізілген терапиялық емнің нәтижесінде зейнеткердің жағдайы жақсарып, 4 наурызда жасанды тыныс алу апаратынан алынды.

–Науқас ауруханаға КВИ инфекцияның ауыр дәрежесімен түсті. КТ-да өкпесінің 80 пайызы зақымдалғанын байқадық. Зейнеткерге антикогулянтты, гормональді, оксигенотерапия емдері жүргізілді. Дертінен сауыққан қарт кісі үйіне шығарылады,-дейді жұқпалы аурулар орталығының дәрігері Марлан Қуанышбекұлы.

Білікті дәрігерлердің еңбегіне қарияның алғысы шексіз болды. Қария ақ халаттыларға алғысын ақ батамен жеткізіп, дәрігерлердің ісіне сәттілік тіледі.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.