Шымкентте егістік көлемі 1000 гектарға артты

Шымкентте егістік көлемі 1000 гектарға артты. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшыс А. Қаныбековтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен 2019 жылмен салыстырғанда 1000 га көп.
Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар — жағармай бөлінген болса, бағасы 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмендеген.
Ал минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105,1 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1 мың тонна тыңайтқыштар 50,3 млн.теңгеге субсидияланды.
Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударған қала басшысы Мұрат Әйтенов басқарма басшысына құжаттары жоқ егістік жерлер мен сегментацияланған егістік алқаптарды заңдастыру жұмыстарын қадағалауға алуды, игерілмеген егістік жерлер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

374 Comments

  1. Hello there! Do you know if they make any plugins to assist with Search Engine Optimization? I’m trying to get
    my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good results.
    If you know of any please share. Thanks! You can read similar text here:
    Dobry sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.