Шымкентте екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өтті.
Бүгін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының іске асырылуы бойынша екінші деңгейлі банктермен кездесу өтті.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде осы жылдың жоспарлары мен екінші деңгейлі банктердегі жобаларды анықтап, арнайы пул әзірлеу талқыланды. Сондай-ақ, алдағы уақытта екінші деңгейлі банктердегі жобаларды сүйемелдеу бойынша Фронт офисте штаб құру мәселесі қаралды.
Айта кетсек, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша банктерде жалпы сомасы 74,7 млрд.теңгені құрайтын 292 жоба қаралуда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша 49 млрд.теңгеге 277 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 25,7 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба қарастырылып жатыр.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You are in point of fact a just right webmaster.
The web site loading speed is incredible. It kind of feels that you’re doing any distinctive trick.
Furthermore, the contents are masterpiece. you have done a wonderful job
in this subject! Similar here: ecommerce and also here:
Najlepszy sklep