Шымкентте жедел жәрдем станциясының мамандары жаппай атестациядан өтуде

COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық бойынша жедел медициналық көмек көрсету станциясының қызметкерлері ауқымды аттестациядан өтуде.


Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аттестациядан барлығы 900 медицина маманын өткізуді жоспарлап отыр екен.
«Бүгіннен бастап медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жедел жәрдем станция қызметкерлерін жаппай аттестациядан өткізудеміз. Яғни, алғашқы көмек көрсету және науқастардың төрт дәрежесін (жеңіл, қосымша ауруы жоқ орта, қосымша ауруы бар орта және ауыр) анықтау бойынша оқытылады. Бұл аттестацияның маңызы зор. Себебі осы арқылы мамандардың біліктілігін анықтап, одан әрі дамыту барысын бағамдай аламыз», – дейді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндеті атқарушысы Бақытжан Позилов.
Сондай-ақ, бұл шаралар эпидемиямен күресу кезінде алғы шепте қызмет ететін жедел жәрдем қызметкерлерінің мамандары үшін аса қажет екенін жеткізді. Айта кетейік, біліктілікті арттыру аттестациясы бір уақытта тоғыз жедел жәрдем бекетінде өтіп жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. hey there and thank you for your information – I have definitely picked up something new from right here.
    I did however expertise some technical points using this website, since I experienced to
    reload the web site lots of times previous to I could get it to load
    correctly. I had been wondering if your hosting is OK?
    Not that I’m complaining, but sluggish loading instances times will very frequently affect
    your placement in google and can damage your high quality score if advertising and marketing with Adwords.
    Well I am adding this RSS to my e-mail and could look
    out for a lot more of your respective interesting content.

    Make sure you update this again very soon.. Lista escape roomów

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.