Шымкентте желаяқ жұптар — «Махаббат марафонында» бақ сынады

Биыл шымкенттіктер Халықаралық Отбасы күніне ерекше ықыласпен атсалысты. Аталған мерекеге орай, бүгін Қажымұқан атындағы Орталық стадионда желаяқ жұптар жарысқа түсті. «Махаббат марафоны» атты спорттық эстафеталық жарысқа қаламыздан 30-ға жуық отбасы қатысып, бақтарын сынады.

Бүгін керемет іс-шара өтіп жатыр. Жарыстың басты мақсаты отбасы институтын нығайту, отбасы құндылығын насихаттау, ерлі-зайыптыларды бірге белсенді спортпен шұғылдануға шақыру болып табылады. Сонымен қатар, бүгінде әлемде ажырасу фактілері өте көп. Осындай спорттық жарыстар арқылы отбасында қарым-қатынасты нығайтуда аз да болса септігіміз тиіп жатса біз қуаныштымыз. Бүгінгі жарыста спорт мектептерінен қатысушылар көп болды. Алдағы уақытта басқа да саланың өкілдері спортқа жақын болып, белсенділік танытады деп сенеміз, – дейді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов.

Махаббат марафонында ерлі-зайыптылар 2 жас ерекшелігі бойынша, 35 жасқа дейін және 35 жастан жоғары деген санатта қатысып, 2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

«Дені сау отбасы – дені сау ұлт». Біздің отбасының ұраны осындай. Отбасын құрғанымызға төрт жыл болды. Келіншегім екеуміз бірнеше марафонға қатысып үлгердік. Эстафеталық марафонға бірінші қатысуымыз. Бүгін бағымыз шауып, мәреге бірінші жеттік, – дейді Азизхан Камелжанов.

Расында дені саудың – жаны сау. Махаббатта да, спортта да шыныққан жұптар ойын көрігін қыздырып, мәреге қол ұстасып жетті. «Кіл жүйрікте, кім жүйрік» дегендей, жеңімпаздар арнайы медаль және грамоталармен марапатталды.

Біле жүріңіз! БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. 353752 881765You wouldnt feel it but Ive wasted all day digging for some articles about this. You may be a lifesaver, it was an outstanding read and has helped me out to no end. Cheers! 375298

  2. 935341 533753Oh my goodness! an exceptional post dude. Thank you However Im experiencing dilemma with ur rss . Do not know why Cannot register for it. Could there be any person obtaining identical rss difficulty? Anybody who knows kindly respond. Thnkx 113119

Добавить комментарий для BAU_2025 Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.