Шымкентте жылыту маусымы ұзартылды

Шымкентте жылыту маусымы ұзартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылыту маусымы ұзартылды. Сәуір айының алғашқы күндерінде синоптиктердің болжауынша ауа температурасы түнде төмендеуі күтілуде. Осы себепті қала әкімінің өкімімен жылыту маусымы ұзартылып, 5 сәуірде тоқтату туралы шешім шығарылды. Бұл жөнінде қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, мәслихат қабылдаған жылыту маусымын өткізу ережесіне сәйкес жылыту маусымын 23 наурызда тоқтату керек болған. Бірақ, денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің өтініштері мен қаладағы карантинге орай және ауа температурасының төмендеуіне байланысты ұзартылып отыр.

Ережеге сәйкес, ауа-райы 5 тәулік бойы +8 градус және одан жоғары болған жағдайда жылыту маусымы тоқтатылуы тиіс. Айта кетейік, 2020 жылы жылыту маусымы 1 сәуірде тоқтатылған болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.