Шымкентте жыл соңында 69 нысан пайдалануға беріледі

Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы м.а Н.Жаманкөз қалада жыл соңында 69 нысанның (18 ауызсу нысаны, 1 кәріз нысаны,10 электр нысаны,1 табиғи газ нысан,13 жылу нысаны,12 сейсмонығайту нысаны, 14 абаттандыру) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетінін мәлімдеді.


Басқарма басшысының сөзінше қаланы көріктендіру мақсатында Қайтпас-1 шағын ауданында саябақтың құрылысы жүргізілуде. Одан өзге 9 гүлзарды қайта құру қолға алынған.

Саяси кеңес бюросының мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Соның бірі — қаладағы өсіп тұрған ағаштарды неге кесетіні туралы сұраққа Мұрат Дүйсенбекұлының өзі жауап берді. «Осы сұрақ тұрғындардан да келіп түседі. Біріншіден, қаладағы ағаштар жүйесіз, арақашықтығы сақталмай отырғызылған. Өсе келе бір-біріне кедергі жасауда. Екіншіден, ағаш шыбық кезінен түзу болып өсуі үшін қырқу туралау жұмыстары жүргізіледі. Үшіншіден, күзге қарай кесілген ағаштардың орнына белгілі бір жүйе арқылы қайта көшеттер егілетін болады» — деді әкім.

Жиынды қорытындылаған Төраға Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелер негізінде алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын айтып, кемшіліктерді түзету үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.