Шымкентте заңсыз сауда орындарымен күрес шаралары жалғасуда

Шымкент қаласындағы заңсыз сауда орындарын болдырмау мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Сондай маңызды іс-шаралардың бірі  — Абай ауданында өткен рейдтік іс-шара. Аталған шара барысында кәсіпкерлерге заңсыз сауда орындарын заңдастыру қажет екендігі түсіндіріліп өтті.

Айта кету керек, бүгінгі таңда аудан аумағында заңсыз металл қабылдайтын 35 орын анықталып, оның ішінде 18 нысанға айыппұл салынған.

Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес заңсыз сауда орындарын, оның ішінде металл қабылдау орталықтарын заңдастыру бойынша аудан әкімдігі мекеме аралық мәжіліс өткізді.

Оған Абай ауданының прокуратурасы, жергілікті полиция қызметі, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының және ЭТД көлеңкелі экономикалық басқармасының өкілдері қатысты. Заңсыз сауда орындарын заңдастыру жолдары талқыланып, тиісті мекемелер тарапынан ұсыныстар айтылды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.