Шымкентте кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеген

Шымкент қаласында 1 млн. 74 мың 167 тұрғын бар болса, соның 394 мың 445-і, немесе 37 пайызы — кәмелетке толмағандар.


Шымкент қаласы Полиция департаментінің штаттық құрамында ювеналды полицияның 37 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы және білім беру ұйымдарына бекітілген 103 мектеп инспекторы қызмет атқарады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, олардың жұмысы, жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды анықтау бойынша түнгі іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылдың 2 ай көлемінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 19 (2020ж-17) жасөспірім және түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 842 жасөспірім (2020ж-804) анықталды.

Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдігін ішкен және мас халде болған 11 (2020ж-8) жасөспірім анықталды. Құқық бұзушылыққа бейім 63 (2020ж-61) жасөспірім және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын 39 (2020ж-34) отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды.

Ішкі істер органының есебінде тұратын тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп тұрды.

Сонымен қатар, Білім беру ұйымдарына бекітілген мектеп полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша, қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде жүргенде және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы білім беру ұйымдарында оқушылармен 534 кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық жұмыстармен қатар, Ювеналды полиция инспекторлары күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқарып, оқушылардың оқу-сабағына қауіпсіз келіп кетуін қамтамасыз етуде. 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.