Шымкентте медицина қызметкерлерінің саны артты

Шымкент қаласында халыққа сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің саны артты. Шымкентте медициналық мекемелерге реаниматолог пен инфекционист дәрігерлер керек, деп хабарлайды «Anyq.kz»-ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мәселен, денсаулық сақтау мекемелерінде дәрігерлер 13 пайызға, яғни, 3519-дан 3 983-ке артты. Ал орта медициналық қызметкерлер 10 пайызға артып, 9 440-қа жетіп отыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, қалада реаниматолог пен инфекционист дәрігерлеріне қажеттілік бар екен. Сонымен қатар, жыл басынан бері 10 164 медицина қызметкері біліктілігін арттыру бойынша оқудан өткен.

Бұдан бөлек, короновирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған 4308 медицина қызметкеріне наурыз-тамыз айлары аралығында үстемақысы төленді. Бұл шараға республикалық бюджеттен 4764,66 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, қала басшысының мәліметінше, биыл саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 миллиард 660 миллион теңге қарастырылып отыр. Жалпы, Шымкентте медицина кластерін қалыптастыруға барлық жағдай бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Wow, wonderful blog structure! How lengthy have you been running a blog for?
    you make running a blog glance easy. The entire look of your web site is excellent, as well as the content!
    You can see similar here ecommerce

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.