Шымкентте мектеп түлектерін аттестаттау 28 мамырда басталады

Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылындағы мектеп түлектерінің қашан аттестация тапсыратыны белгілі болды.


Биыл 9/10- сынып оқушылары үшін:

28 мамыр – оқыту тілі бойынша қазақ/орыс тілінен және ана тілінен эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс;

3 маусым – математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

7 маусым – өзге тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11/12- сынып оқушылары үшін:

1 маусым — оқыту тілі бойынша қазақ/орыс тілінен және ана тілінен эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс;

4 маусым – алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

10 маусым – өзге тілде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

Қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.