Шымкентте санитарлық тексеру жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды.


Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында айтып өтті.

Бір ғана мемлекеттік ұйымдардың күшімен вирусты еңсеруге болмайтынын айтқан әкім қоғам болып қарапайым санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет екенін айтты.

– Қалада инфекцияның таралуын тоқтату Сіздер мен Бізге тікелей байланысты! Елімізде төтенше жағдай тоқтатылғаны, карантиндік шектеулер алынады деген сөз емес. Соңғы күндері тұрғындардың карантинге салғырт қарауынан вирустың таралуы күрт артты. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған азаматтар саны 606-ға жеткен. Оның ішінде 218 науқас емделіп шықса, 6 адам өкінішке орай қайтыс болды. Қалада 18-24 мамыр аралығында күніне орташа 31-50 адамнан тіркелді. Ал өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады, тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады»,- деді М.Әйтенов.

Оның айтуынша, Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер болса, 359-ы науқастармен қатынаста болғандар, ал 225-і жергілікті жерден шыққан. Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132-і бақылауда.

Соңғы күндердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулерді жеңілдету уақытша тоқтатылғанын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп, 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Тексеру қорытындысы бойынша 127 әкімшілік шара көрілген.

Айта кетейік, бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 18 мамырда шектеулер алынуы жоспарланған, қоғамдық тамақтандыру орындары, діни нысандар, балабақшалар, фитнес орталықтар, білім үйірмелері ашылмады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.