Шымкентте студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Әл-Фараби және Тұран ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды.
Университетте өтіп жатқан осындай іс-шаралар бітіруші түлектердің тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпалын тигізетіні анық. Жәрмеңке барысында бітіруші жас маман жұмыс беруші тараппен тікелей және бетпе-бет жолығып, өзі туралы айтып, өзі қалаған мамандық туралы толықтай ақпарат ала алды. Және де, жәрмеңкеге келген бітіруші студенттер жұмыс беруші мекеменің қоятын талаптарымен танысып, мамандығының қыр-сырына үңілді. Болашақ өмірін бағдарлады.
Осы ретте, жұмыс ұсынушы мекемелер де жас түлектің еңбекке деген ынтасы мен білімін байқап, кеңірек диалог құра алды.
Енді студенттер нақты жұмысқа орналасуға қалай дайындалатынын және өндірісте тәжірибеге дайын екендігін көрсетеді.
Басты мақсат — түлектеріміздің жұмысқа орналасуына ықпал ету, бос жұмыс орындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет беру болып табылады.
Мансап орталығы мен бітіруші түлектер арасында өзара тиімді еңбек қатынастарын орнатуға, сондай-ақ оларға қолдау білдіруді меңзейді. Жәрмеңкеге келуші студенттер сұранысқа ие құзыреттіліктер жайлы, бос жұмыс орындары туралы және өзге де пайдалы ақпаратқа қанық болды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында биыл субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері 4 288 адам жолданды.
Атап айтқанда әлеуметтік жұмыс орындарына 138 адам, жастар практикасы 605 адам, ақылы қоғамдық жұмыстар – 1 940, «Алғашқы жұмыс орындары» жобасымен — 897, «Ұрпақтар келісім шарты» арқылы – 7, «Күміс жас» жобасымен 689 адам жұмысқа орналасты.
Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа жолданды.
Осы ретте ескерте кететін жәйіт, барлық жұмыс берушілерге қазіргі кезде қолайлы автоматтандрылған «Еңбек кз» порталы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау жүйесі жұмыс жасайды. Аталған порталға жұмыс беруші өзінде пайда болған бос жұмыс орындарын енгізе алады. Ал жұмыс іздеушілер бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне қолайлы, әрі лайықты жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шығып немесе жұмыс беруші резюмелерді карап отырып біліктілік талаптары сәйкес келетін мамандармен тілдесіп, жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin