Шымкентте туристік полиция жұмысын бастады

Шымкентте арнайы бөлімше — туристік полиция жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні жаңа бөлімшенің жеке құрамында 25 адам бар,-деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.


Туристік полиция қызметкерлері таңғы сағат 9:00-ден 1:00-ге дейін қаладағы ең көп туристер және қала қонақтары келетін орындар: Арбат, Орталық саябақ, Наурыз алаңы, Қошқар ата өзенінің жағалауы сияқты төрт ірі нысандарда қызмет атқарады.

Бөлімшедегі полиция қызметкерлерінің міндеті қала туристері мен қонақтарына құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиға орын алса, полиция қызметкерлері қонақтарға көмек көрсетеді.

Туристік орталықтарды құрудағы  мақсат — Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін және туристік тартымдылығын арттыру, елімізге шетел азаматтарының келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету және оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету болып табылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.