Шымкент: Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өтті

Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өтті.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Аудан әкімі аппараты аудандандық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе көп қабатты тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.

Шара барысында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балаларды жалғыз үйде қалдырмау керек екендігі жеткізілді.

Аталған оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жасөспірім балаларды тарта отырып, өрттің шығу жолдарын, оның салдары туралы және алдын алу жолдарын түсіндірді.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Айта кетейік, Шымкентте төтенше жағдайды болдырмау, қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар цифрландыру жобалары атқарылуда.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта «PROLIFE» компаниясымен 10 тұрғын үйде улы газ мониторингі бойынша пилоттық режимде ақпараттық жүйе енгізілді. Орнатылған газ есептеуіштің көмегімен Ақмола көшесінде тұратын отбасы аман қалды. Биыл 1851 әлеуметтік осал топтардың үйіне аталған құрылғыны орнату жоспарлануда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.