Шымкент қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады.
Акцияға жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары және адвокаттар қатысты.
Акцияда 53 азаматқа жалпы құқықтық кеңес берілді.