Шымкентте «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені өтті

5 қыркүйек —Қазақстан халқы тілдері күні мен қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Шымкентте айтулы күнге орай «TILTIME» кітап көрмесі аясында «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені өтті.

Іс-шараның өзіндік ерекшелігі барлық мәдениет саласының қызметкері жұмылдырылып, Арбат демалыс аумағында тілге құрмет көрсетіп, ұлт ұстазын мадақтады.

Алдымен қонақтар қаладағы 5 кітапхана жасақтаған түрлі композициядағы кітаптар мен экспонаттарды тамашалады. Осы көрмеге келген ҚР еңбек сіңірген әртісі, қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызының сөзінше, интернет желілері қаншалық шарықтап дамымасын, кітап оқығанның жөні бөлек.

–Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Адам іздеген білімі мен игілікті бастамаларды, аңсаған арманын, бәрін-бәрін кітаптан табады. Көрмеде ұсынылған көркем әдебиет, балалар әдбиеті және тарихи кітаптар адамды білім мен ізгілікке жетелейтін жарық шамдар. Шарықтаған интернет желілері бір сәттік білімді үйретер, ал кітап адам жанына өмірлік азықты сыйлайды. Бүгінгі Қазақстан халқы тілдері күні, әрі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арнап ұйымдастырылған кітап көрмесі үйлесімін тапқан игі іс болды. Елімізде Алаш арысы секілді ұлт пен ана тілдің мүддесіне қызмет ететін тұлғалар көбейсін деп тілеймін, — дейді Майра Мұхамедқызы.

Көрме мерекелік жиынмен жалғасын тауып, бірқатар азаматтарға тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитетінің «Құрмет Грамотасы» табысталды. Марапталғандар арасында ҚР әртісі Майра Мұхамедқызы, қалалық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Жұманова және мектеп мұғалімдері мен кітапхана қызметшілері бар.

Салтанатты кеш қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры әртістері мен Шымкент мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.