Шымкентте қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау туралы жиын өтті

Шымкентте 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай арнайы конференция өтті.


Жиынға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Манатбекұлы, сондай-ақ тарихшылар, саясаткерлер мен заңгерлер қатысты.

— Ақтау жұмыстары не үшін керек? Мысалы ашаршылық тақырыбын алатын болсақ, Кеңес үкіметі кезінде Украинада аштықтан ең көп халық қырылып кеткен. Содан кейін украиндық тарихшылар сол тақырыпты тереңдете зерттеді. Қазір де Украинада аштықтан қаза тапқан адамдардың аты-жөні құжатында қай күні қай жерде, қандай себеппен өлгені барлығы жазылған. Ал бізде ондай деректер жоқ. Сол сияқты қуғын-сүргін құрбандарына келетін болсақ, құжаттар бізде бар, бірақ нақтыланбаған. Дәл қазір бізде Түркістан облысы мен Шымкент қаласының архивтері араласып жатыр. Облыстың керек құжаттары қалада, қаланыкі облыста дегендей. Мен ғалымдар мен тарихшылармен кеңесіп, Түркістан облысының архивіне хатпен шығуға әзірмін. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау кезінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласының комиссия мүшелері бірлесе жұмыс істесе, нәтижелі болар еді, — деді қалалық Ішкі саясат және жастар басқармасының басшысы Мәди Манатбекұлы.

Конференция барысында баяндамашылар 1926 жылдан бастап қуғынға ұшыраған, ашаршылықтан ажал құшқан құрбандар туралы тың деректерді ортаға салып, оларды ақтау барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

— Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау туралы комиссия құрылды. Комиссияның Шымкенттегі өкілдері бірқатар жұмыстар атқаруда. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының архивтеріндегі құжаттарды зерттеп жатыр. Онда қазір 538 іс қаралуда. Оның ішінде «Созақ көтерілісіне» қатысқандар, қуғынға ұшырағандар, тағы басқа да босқындар бар. Біз өз өңірімізде қуғынға ұшырағандарды тарихи тұрғысынан да, заңды түрде де толық ақтауымыз керек, — деді М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры, Тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында құрылған комиссия құрамында 27 тарихшы бар. Олар — 1921-1954 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды зерттеп жүрген арнайы мамандар. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюжеттен арнайы қаржы қаралған. Зерттеу барысында тарихшылардың Иранға, Өзбекстанға, Орталық Азия елдеріне іссапарлары жоспарланған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.