Шымкентте өткен тәулікте 2210 адамнан ПТР сынамасы алынды

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 66 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 36, белгілері жоқ — 30). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 51 адам үй бақылауына алынды.


Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-560, Атамекен клиникасы-500, ЖШС «14 емдеу орталығы»-320 орын), төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 1069 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 311 науқас емделуде (3 ИВЛ, 23 НИВЛ).

Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 315 470, тәулігіне 2210.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасауда. Олар 2 сәуір күні 485 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 27 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (441 кәсіпкерлік нысан, 44 жеке нысан).

Құрметті қала тұрғындары! Коронавирустың ықтимал толқынын болдырмау әрбірімізге байланысты. Қарапайым сақтық ережелерін ұмытпайық.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.