Шымкентте 15 мектепке спорт алаңшалары орнатылды

Шымкентте 15 мектепке спорт алаңшалары орнатылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспаөз қызметі мәлім етті.


Қаладағы 148 орта білім беретін мектепте 139 спорт зал және 174 спорт алаңшасы бар. Сондай-ақ, 3 ату тирімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 89 мектепте типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылған, деп хабарлайды anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 17 мектепке спорт алаңшалар орнатуға республикалық бюджеттен 560 миллион теңгеден аса қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 15 мектепке спорт алаңшалары орнатылды.

Ал, қалған 2 мектептің спорт алаңшаларын орнату жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Одан бөлек, бұл жылы 40 миллион теңгеге мектептердегі спорт залдары құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда 5 мектепте спорт зал жоқ. Оның ішінде, 2 мектепке қосымша құрылыс есебінен спорт зал салынуда, ал 3 мектептің спорт залының құрылысын салу үшін жер рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.