Шымкентте 18 көлік компаниясы 64 бағытта тұрғындарға қызмет көрсетуде

Шымкент: Қоғамдық көліктердегі қызмет сапасы басты назарда.


Биыл тағы 4 жаңа көлік бағыты іске қосылды. Атап айтқанда №18, 42, 44, 206 автобустары.

Бұл жылы 36 бағыттағы көліктерге және 3 жекеменшік компанияға субсидия қаралған. Қосымша 6 әлеуметтік мәні бар маршруттарға ұсыныс берілді.

Қаладағы 890 автобусты жаңарту межесі қойылған болатын. Өткен жылы газбен жүретін 590 автобус сатып әкелінді. 1 желтоқсаннан бастап оның 150-і автобус 8 бағытта тасымалдау қызметін көрсетуде. Қазір қалада қосымша бір газ құю бекетінің құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, осы жылы автобустардағы жүргізуші, бақылаушыларды бірыңғай формамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Өздеріңізге белгілі Шымкент қаласында көлік саласын цифрландыру бағытында, «TOLEM» электронды билеттендіру жүйесі енгізілген болатын.

Қазіргі таңда 200 мың карта қолданыста. 350 карта сату нүктелері жұмыс істейді.

Қалада 1000 автобус «Төлем» құрылғыларымен жабдықталды. Сондай-ақ, наурыз айында 4 513 000 транзакция жасаған. Оның ішінде 83 пайызы электронды карта бойынша жүзеге асырылса, қолма-қол төлеу – 16, СМС арқылы – 1 пайыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.