2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталды. Бүгінгі таңға 218 азаматқа 199,9 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.
Оның ішінде:
1,2 — топ мүгедектігі бар азаматтар — 76;
толық емес отбасылар -16;
мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар — 49;
бюджеттік мекеме қызметкерлері — 40;
көпбалалы отбасылар — 30;
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 7.
Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.
Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 2023 жылы тексеру жұмыстарының нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 50 019 азамат тіркелген, оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1907; көпбалалы отбасылар 14 063; халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 625; мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402; жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген 2-10-20, 5-10-20 бағдарламалары бойынша жыл соңына дейін беру жоспарлануда. 2024 жылға өтпелі болған 244 пәтер несиелік негізде Отбасы банк арқылы азаматтарға қолданысқа табысталды.