Шымкентте 48 қандас жұмыспен қамту шараларына қатысты

Шымкент қаласында жыл басынан бері 283 отбасыдағы 542 адам «қандас» мәртебесін алып, 34 отбасыдағы 44 адам мәртебесін жарты жылға ұзартты.

Қандастардың 259-ы ер, 283-і әйел, 18 жасқа дейінгі жастар саны – 168, зейнет жасында – 63 адам. Оның ішіде еңбекке қабілеттісі – 311. Білім деңгейі бойынша 61 адамның жоғары білімі юолса, 145 қандаста арнайы орта білім, 97 адамда жалпы орта білім және 8 адамның білім жоқ.

Атажұртқа қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасының еншісінде. Көрші елден 441 адам, Қырғызстаннан – 1, Ресейден – 6 адам және Түркіменстаннан – 2 адам келген.

Бүгінде қоныс аударған қандастардың көбісі құрылыс пен сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысып жатыр.

Шымкент қаласында қандастарды қоғамға бейімдейтін арнайы орталықта 18 отбасынан 46 адам қызмет алып жатыр. Ал, Еңбек мобильділігі орталығының қызметіне 96 адам жүгініп, 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.

Атап айтқанда 14 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 3 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасына, 3 адам «Қоғамдық жұмысқа», 9 қандас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасына және 1 адамға «Күміс жас» жобасына жолдама берілді. Сонымен қатар, 18 қандастың «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту курстарында білімін жетілдірді.

Тілге тиек етейік, шаһарда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты оған 32 300 адам қатысқан. Оның ішінде 26 482-і Шымкент қаласында іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және жеке кәсіпкерлердің бастамасымен құрылатын жаңа жұмыс орындары.

Қалада іске асырылатын жобалар бойынша жұмыспен қамту жоспары екі бағытта іске асырылады. Біріншісі – 23 342 жұмыс орны азаматтардың жеке бастамасымен құрылады.

Екінші бағыт – 2024 жылға бес тұжырымдама және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтардың жұмысқа орналасуы тиіс. Жыл басынан бері нақты құрылғаны 819 орын.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin