Шымкентте 4822 автокөлік заңдастырылды

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша шетелдік автокөлікті заңдастыру бойынша 9790 азамат жүгінді.

4822 автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді. Оның ішінде 3521-Ресей Федерациясының көлігі болса, 1098-Армения, 81-Грузия, 4-Белорусия, 8-Біріккен Ұлттар Әмірлігі, 83-Қырғызстан, 4-Литва, 20-Корея, 1-АҚШ, 2-Германия елдеріне тиесілі.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Қазақстан бойынша шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталған болатын.

шкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, заңдастыруға Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер жатады.

Негізгі талаптар:

көліктің Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі қажет;

криминалдық есепте болмауы керек;

басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік болса, кедендік тазартудан өтуі керек.

Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары:

е-gov.kz электронды үкімет порталы;

екінші деңгейлі банктердің қосымшалары;

ХҚКО-ның өз-өзіне қызмет көрсету секторы.

Шетелдік көлікті заңдастыру үшін бірнеше құжат тапсыру қажет. Олар:

өтінім;

өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

көліктің паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;

көлікке меншік құқығын растайтын құжат қажет.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. When I was walking through the plant that produces
    today, the sparkling surfaces of stainless steel captivated my attention at every
    turn. It’s fascinating how this alloy, primarily composed of
    chromium, iron, and nickel, is now an integral part of our modern world.
    From the enormous vats that are used within the food processing sector to the sophisticated medical
    equipment used in cleanrooms, the versatility of stainless steel never ceases to amaze me.

  2. Choosing the right current transducer, it’s important to consider specific needs and its
    specs.
    There’s a wide variety of current sensors available, but I’d like to hear what you think sets a high-quality sensor apart.

    my blog current transducers; mssg.me,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.