Шымкентте 800-ге жуық оқушы жазғы лагерьге барды

Оқу жылы аяқталып, оқушылардың жазғы каникулы басталды.


Осыған орай, бүгіннен бастап 800-ге жуық шәкірті қала сыртындағы сауықтыру орындарына 10 күн бойы демалатын болады.

Атап айтсақ, «Ақсу» сауықтыру орталығына – 150, «Арман» демалыс орнына – 200, «Ерке» орталығына – 188, «Үшбұлақ» демалыс орнына — 200 оқушы демалысқа жүріп кетті.

Жалпы биыл 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек алатын, тұрмысы төмен отбасы балалары жіберіледі. Одан бөлек 22 мыңнан аса оқушының жазғы демалысы ата-аналар есебінен ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс ата-аналардан өтініштер биыл E.gov порталы арқылы онлайн түрде қабылданды.

Жазғы демалыс кезінде балаларды ата-аналарының өтініштеріне сәйкес лагерьге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл мемлекет тарапынан жартылай (895) және тұл жетім (157), көп балалы (2 653), сондай-ақ, АӘК алатын отбасының балалары (4 093) қала сыртындағы лагерьде демалады. Ал 22 655 бала ата-аналар есебінен лагерьге жіберіледі. Одан бөлек, 19 маусымға дейін білім ұйымдарында 60 пайызға жуық балаға қосымша сабақ беру жұмыстары басталды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.