Шымкентте 82 мыңнан аса оқушы түрлі үйірмелерге қатысады

Шымкент қаласында 9 қосымша білім беру мекемесі бар. Онда 20 061 оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады.


Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникалық орталықта өткен брифинг барысында баяндады.
Сонымен қатар, Бас ұстаздың айтуынша қаладағы спорт мектептерінде 15 650 бала түрлі қосымша спорт үйірмелеріне барады екен. Одан өзге, 147 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде түрлі үйірмелер ашылып, оған 62 071 оқушы тартылған.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы жалпы 214 506 оқушының 97 752-сі (45,6% )қосымша біліммен қамтылған.
Осы жылы қосымша білім беру мекемелерінің үлесін арттыру және материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Балалар эстетикалық саз мектебінің» ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, әкімшілік-іскерлік орталығында мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан 150 орындық Өнер мектебі жыл соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, Бекет батыр көшесіндегі Өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. 150 орынға лайықталған өнер ордасы жыл соңында пайдалануға беріледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.