Шымкентте «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде

Шымкентте «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде.

Кітап жәрмеңкесінде балалар әдебиетін насихаттау мақсатында кітап кейіпкерлерінің шеруі, балалар ойындары мен байқаулар, ақын-жазушылардың кездесуі өтті. Сонымен қатар, Шымкент қаласында жаңадан ашылған отбасылық кітапхананың тұсаукесері ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге республикаға белгілі балалар жазушылары Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер, Дәркен Танабаев арнайы келді. Бұған қоса, ақын Нармахан Бегалы, Сарманбай Исақ, Сая Қасымбек сынды танымал жергілікті қаламгерлер қонақ болды.

Айта кетейік, жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедисы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» баспасы және де қалалық кітапханалар қатысуда.

Жәрмеңке 28-29 мамыр күндері аралығында Арбатта өтеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.