Шымкентте «HR-Process» жүйесі арқылы 300-ден аса адам жұмсықа орналасты

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы жұмысқа орналасқан педагогтармен кездесті.


Кездесуге қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау сатысында басшылық ететін комиссия құрамы, бірқатар мектеп директорлары мен аталған жүйе арқылы жұмысқа орналасқан ұстаздар қатысты.
 
Онда қала әкімінің бірінші орынбасары білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауда да мейлінше ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам алдында бұл процесс үлкен сенімге ие болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін одан әрі дамыту мен орын алған кемшіліктер жөнінде сөз қозғады.
«Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі – білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі болады. Міне, 2 айға жуық уақыттағы қалыптасқан оң пікір осы жұмысымыздың жемісті болғанын көрсетіп отыр. Қала әкімінің тапсырмасына орай ендігі кезекте колледждер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жүйеге қосу және келер жылдан бастап педагогтарды аттестаттау жүйесін автоматтандыру қажет» — деді Шыңғыс Мұқан.
 
Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқандардың бірі – Гүлнұр Сүлеймен. Ол Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің қызыл диплом иегері. Қытайдың Шанхай қаласындағы IS-China университетінің түлегі. Магистратураны үздік дипломмен бітірген. Гүлнұр Мырзабайқызы «HR-Process» жүйесі арқылы бос орындарға өтінім беріп, конкурс нәтижесінде №132 жалпы орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.
 
Айта кетейік, тамыздан бастап іске қосылған жүйеде жарияланған бос жұмыс орындарға үміткерлер тарапынан 2470 өтінім келіп түскен. Бүгінгі күні 460 бос жұмыс орнының барлығына комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 665 үміткердің 2328 өтініші қаралды (бір үміткер әртүрлі мектептерге бірнеше өтінім бере алады). 665 үміткердің ішінен 313 үміткер конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз болып табылды және тиісінше мектеп директорларына бос орынға ұсынылды. Жеңімпаздардың жас ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, 25 жасқа дейінгі – 145, 25-45 жас аралығы — 137, 45 жастан жоғары — 31 үміткер болған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. There were Jumpman logos that were in different poses or looked like they were caked
    up. Or, if worse came to worst, you could always give the sneakers a big
    whiff and get that 100 percent fufu berry smell from them.

    rep shoes
    jumpman jack
    jumpman
    Replica Sneakers
    discountshoesmart
    balenciaga runner
    michigan dunks
    Replica Sneaker
    bred 4s
    Replica Sneakers
    reps shoes
    fake jordans
    jumpman
    off white jordan 1
    off white jordan 1
    reps shoes
    fake yeezys
    fake jordans
    fake shoes
    replica shoes
    balenciaga runner
    fake shoes
    fake shoes
    jumpman jack
    jumpman

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.