Шымкентте «Shymkent it hub» орталығы ашылады

Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференсиясында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Осыған орай, «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу индикатор көрсеткіші белгіленген.

«Shymkent IT HUB» — білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделуде.

«Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 тоқсан қорытындысымен меморандум жасалынып, техникалық ашылу ісі жоспарлануда, -деді басқарма басшысы Мұхит Кемелов.

Жиында бүгінде басқарманың мониторингтеу нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталғаны да айтылды. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобильді операторлармен 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы қойылып оның 13 не базалық станция орнатылған.

2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.

Қазіргі таңда, инвестор тарапынан 28 нүктенің 17-не базалық станция орнатылып іске қосылды, қалған 11-не антенна-мачталық құрылғыларды салу және оларға монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, «Kcell» және «Кар-Тел» ЖШС тарапынан 58 аумаққа базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, бос жер телімдері анықталуда.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin