
Эльвира Имангалеева 2006 жылдан бастап Шымкент қаласында балалар арасында АИТВ ошағы анықталған сәттен бастап, қауіпті инфекцияға шалдыққан балаларды емдеп келеді.
Білікті маман бүгінде Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында жұмыс істейді.
Балалардың болашағы бей-жәй қалдырмаған дәрігер, бүгінде біліктілігімен АИТВ жұқтырған жүкті аналарға да медициналық көмек көрсетіп келеді. Нәтижелі емдеудің арқасында сау балалардың дүниеге келуіне ықпал етуде. Анадан балаға берілудің алдын алу шараларын жүргізу арқасында АИТВ жұқтырған 612 анадан дені сау бола туылған. Бұл дегеніміз бүгінде ВИЧ инфекциясына шалдыққан аналардың 98 пайыздан астамы дендері сау бала туды деген сөз.
Эльвира Канаткалиқызы Петропавл қаласының 3 қалалық ауруханасы базасында 1984-1986 жылдары балалар бөлімінің меңгерушісі, 1987-2006 жылдары қалалық жұқпалы ауруханасында дәрігер инфекционист, бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
Э.Имангалеева 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. Бүгінде білікті маман. Жоғарғы санатты дәрігер көшбасшылық қасиеттерге және ұжымның жұмысын ұйымдастыру қабілетіне ие. Мемлекеттік және орыс тілдерін сапалы деңгейде меңгерген, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
844226 173853Id must verify with you here. Which isnt something I often do! I enjoy studying a publish that can make men and women believe. Also, thanks for permitting me to remark! 979986
804964 215841This will be a great website, might you be interested in doing an interview about just how you created it? If so e-mail me! 921218
635496 54415I dugg some of you post as I thought they were handy really helpful 237318