Шымкенттік ерлі-зайыпты қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, шағын наубайхана ашты

Шымкентте отбасылық жұп қайтарымсыз грант арқасында өз кәсібін ашты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Әкімбеков Абылқайыр мен Беркінбаева Әсел мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, алған қаражаттарына шағын наубайхана ашты.

Отбасылық жұп өткен жылы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіптік оқытуға жолдама алған. Сертификаттары қолдарына тиісімен мемлекеттік грантқа қатысу үшін наубайхана ісі бойынша бизнес жоспарын әзірлеп, онысын комиссияда сәтті қорғап шыққан. Нәтижесінде 555 650 теңгелік грантқа қол жеткізіп, наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде нанға тапсырыс қабылдап, 100 -130 нан пісіріп, отбасылық кішігірім ісін дөңгелетіп отыр.

Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екі бағыты аясында 2020 жылы 4828 адам грантқа қол жеткізсе, биылғы жылы 600 адамға грант берілді. Ал, «Бизнес бастау» курсына биылдың өзінде 1900 адам жолданған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. 151465 933686In case you are interested in envision a alter in distinct llife, starting up generally the Los angeles Surgical procedures fat reduction method is actually a large movement to be able to accomplishing which typically notion. lose belly fat 334019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.