Шымкенттік жастарға салт-дәстүр мен отбасы құндылықтары дәріптелді

Шымкентте «Отбасың — алтын діңгегің» атты жастар арасында кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби аудандық аналар кеңесінің төрайымы Тұрсынай Барлыбаева мен аналар тобының мүшелері Салима Бейсебаева, Разия Құлымбетова, Ләззат Сейдазимова, Райхан Нарымбаева, Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шымтөреева және Политехникалық колледж студенттері қатысты.

Кездесуді ерекше форматта ұйымдастырдық. Ақ жаулықты аналар ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді, отбасы құндылығын, отбасындағы еркек пен әйелдің рөлін сахналық көрсетілімдермен ұғындырды.

Қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу жағдайы жиі кездеседі. Бұл мәселені шешу үшін әрбір отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-біріне түсіністікпен қарап, бір-бірін сыйлай білу керек. Бүгінде отбасындағы ер адамға қарағанда әйелдің рөлі басымырақ. Қандай жағдай болмасын, қай кезде де еркек адам әйелден бір саты жоғары тұрады. Сол кезде отбасында ата-ана, балалары да әрқашан тату-тәтті өмір сүреді. Жастармен бірлесе дайындаған сахналық көріністе осы ойлардың бәрі айтылады. Мұның өзі жастарға ой салып, тәлім-тәрбие береді деген ойдамын, — деді Айгүл Шымтөреева.

Колледж студенттері аналармен бірге отбасы жайлы сахналық көріністерді дайындады. Бұдан жастардың ұғынатыны көп. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, сол жағдайда бір ғана ұстаным – бір-біріне кешірімді болу. Сонда ғана шаңырақта сыйластық пен түсіністік болады деген студенттер осындай жиындардың жастар қауымына берері көп дейді.

Айта кетейік, жастар арасында мұндай кездесулер қаламыздағы оқу орындарында аға буынның қатысуымен тұрақты өтіп келеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.