Шымкенттік кәсіпкерлер «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясына қолдау көрсетуде

Қала әкімдігі мен мешіттердің үйымдастыруымен бастау алған  «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясын кәсіпкерлер жалғастырды.


Бүгін «Ақмешіт» орталық мешітінде қаламыздағы қайырымды кәсіпкерлер әлеуметтік жағдайы төмен 300-ге жуық отбасыға түйе еті мен азық-түлік себеттерін таратты.

– Шымкенттік кәсіпкерлер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 күн оразада 30 түйе сойып, оны мұқтаж жандарға таратуға ниеттеніп отыр. Сонымен қоса, азық-түлік себеттері де үлестіріледі. Бүгін 4 түйе сойып, етін жіліктеп, оларды көмекті қажет еткен отбасыларға бердік. Бұл игі бастама ай соңына дейін жалғасады, — деді «Ақмешіт» орталық мешітінің найб имамы Қазыбек Сарыбаев.

Қайырымдылық жасаған жомарт жандар өз есімдерін жарияламауды жөн көрген екен. Жергілікті кәсіпкерлер алдағы уақытта да мұқтаж отбасыларға көмектеспек.

Айта кетейік, азық-түлік себеттері белгіленген тізім бойынша қаладағы 6 мешітте (Ақмешіт, Ордабасы, Бөртөбе, Байғұт баба, Біләл, Сайрам) беріледі. Егер тізімге енбеген отбасылар келіп сұраса, оларға да үлестіріледі. Ал түйе етін «Ақмешіт» орталық мешітіне барып алуға болады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.