Шымкенттік онкологтар бауыр ісігін хирургиялық әдіспен емдеуді жетік меңгерген

Шымкенттік онкологтар бауыр ісіктерін хирургиялық әдіспен емдеуді жетік меңгерген. 2012 жылдан бері Шымкент қалалық онкология орталығында бауыр обыры бар науқастарға операциялар жасалып келеді.


Бауырдың рагын емдеу үшін ота кезінде хирургтарға көбіне ісікті толығымен хирургиялық жолмен алып тастау тиімді. Өйткені, бауырдың ісігіне жасалатын ота күрделі, сол себепті де бұл операциялар ісіктің көлеміне қарай жеті сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Қазірде қаладағы онкологиялық орталықта бауырдың ісіктері кезінде жасалынатын әлемдік тәжірибедегі оталық емнің барлық түрлері енгізілген. Соңғы жылдарда хирургия бөлімшесінің онкохирургтары 79 ота жасаған. Оның ішінде: 13 оң жақты гемигепатэктомия, 11 сол жақты гемигепатэктомия, 26 бауырдың атипиялық резекциялары, 8 оң артқы бауыр секторэктомиясы (бауыр VI, VII сегменттерінің резекциясы), 1 оң алдыңғы бауыр секторэктомиясы (бауыр V, VIII сегменттерінің резекциясы), 20 басқа да операциялардың түрлері бар.

Айта кету керек, орталықтың мамандары, ота түрін жетік меңгеру үшін, Монғолия, Франция, Корея елдеріндегі ауруханаларында оқып, біліктіліктерін жетілдірген.

Қазіргі таңда білікті дәрігерлердің емдеу мекемесінде бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жедел көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында күнделікті жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. 502029 279417Considerably, the story is in reality the greatest on this noteworthy topic. I agree along with your conclusions and will eagerly watch forward to your next updates. Saying nice one will not just be sufficient, for the wonderful clarity inside your writing. I will immediately grab your rss feed to stay privy of any updates! 183173

  2. 666151 637690Once I originally commented I clicked the -Notify me when new feedback are added- checkbox and now every time a remark is added I get four emails with exactly the same comment. Is there any means you possibly can remove me from that service? Thanks! 607128

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.