![](https://anyq.kz/wp-content/uploads/2021/04/0875cd28-97cf-49b4-811d-b8a374d543cf-960x500-1-880x500.jpeg)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының үздік педагогі Арман Орынбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.
Марапатты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.
Арман Орынбеков — Шымкент қаласындағы № 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры болып қызмет атқарады. Осыған дейін Арман Шымбайұлының 80-нен астам әдістемелік-оқу құралдары жарық көрді.
2019 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері. 1999-2012 жылдар аралығында қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында 21 оқушысы; қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық тарих, құқық, азаматтану пәндерінің конкурстарында, дебат сайыстарында 50-ге жуық оқушылары жүлдегер атанған.
Сонымен қатар, мектеп-гимназияның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі әр түрлі білім, өнер, спорттық байқаулар мен жарыстарда, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарында 200-ге жуық, ұстаздары қалалық пәндік олимпиадалардан және әр түрлі деңгейдегі байқаулардан 80-нен астам жүлделі орындарды жеңіп алған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат