Шымкенттік этномәдени бірлестік өкілдері Мақтааралмен бірге

Шымкенттік этномәдени бірлестік өкілдері Мақтааралмен бірге, — деп хабарлайды anyq.kz.


Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдауға арналған гуманитарлық көмек акциясы жалғасуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан 16 жүк көлігіне тиелген 180 тонналық гуманитарлық көмек керуенінде азық-түліктер, киім-кешектер, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, құрылыс материалдары бар.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы да керуенге қосылып, өз тарапынан құны 12,5 млн. теңгені құрайтын гуманитарлық көмек көрсетті.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов бастаған шымкенттік ассамблея мүшелерінің қатарында қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев, өзге де ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, басқа да беделді азаматтар болды.

Шымкенттік ассамблея тарапынан қолдау жасауға Шымкент қалалық өзбек (төрағасы Т.Хакимбеков) және түрік (төрағасы Л.Асанов) этномәдени бірлестіктері айрықша белсенділік танытқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.