Шымкенттің бас жоспары мамырда бекітіледі

Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың геоақпараттық жүйесі жасақталуда.
Геопортал бүгінде сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Электрондық жүйе де осы кезеңде толықтай іске қосылады.
Бүгінде қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл қаңтар-наурыз айларында 13 967 мемлекеттік қызмет көрсетіген.
Оның ішінде
құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметі — 1 295 рет, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қызметі – 5 319 рет, ал, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру қызметі — 1 347 рет, сондай-ақ,
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі — 1 577 рет көрсетілген.
Айта кетейік, 2022 жылы Шымкент қаласының бас жоспары қала тұрғындарының назарына ұсынылған болатын. Бір ай бойы кез келген шымкенттік тұрғын бас жоспармен танысып, өзінің ұсыныс-тілегін қалдырды. Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. Ал 2015-2018 жылдар аралығында бас жоспарға өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Ал бұл бас жоспар 2025-2035 жылдар аралығын қамтып отыр. Арнайы мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізді. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшелігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалынды.

Ad Widget

Recommended For You