Шымкенттің экологиялық ахуалы жақсаруда

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушысы Қ.Бейсенбаевтың қатысуымен Экология департаментінің 2020 жылы атқарған жұмысы және алдағы жоспарлары бойынша брифинг өтті.


Баспасөз мәжілісінде Қадырхан Киікбайұлы жұмыс нәтижелерін баяндады.

– Қалалық экология департаменті өткен жылы 54 тексеру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, сомасы 20 млн теңгеден асатын 340 әкімшілік айыппұл салынды. Ал кәсіпорындардан қоршаған ортаға келтірген залалды өндіру үшін 435 млн теңгеге 36 нұсқама берілді. Сонымен қатар «Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторингі арқылы қала аумағында бей-берекет қоқыс үйіндісінің 88 координаттық нүктесі анықталып, аталған орындар аудан әкімдіктері тарапынан тазартылды, – деді ол.

Спикердің сөзінше, 2021 жылдың басында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Шымкент қаласының әкімі арасында «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы» бекітілген. Осыған орай жол картасы аясында елді мекендерді газдандыру, қоғамдық көлікті газ отынына ауыстыру, қаладағы жел бағытын зерттеу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек.

Брифинг барысында Қадырхан Бейсенбаев департамент бастамасымен оң нәтижеге қол жеткізген бірқатар мәселеге тоқталды. Яғни, Тоғыс елді мекені мен «Сайрам» тұрғын алабындағы көп қабатты үйлерден шыққан тұрмыстық лас судың Бадам және Сайрамсу өзендеріне құйылуы тоқтатылып, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Айта кетейік, департамент мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілген 10 жоба бойынша ауаға шығарындылардың төмендеуі жылына 2300 тоннаны құраған. Ал қала бойынша негізгі 4 ірі («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «3-Энергоорталык» АҚ, «Стандартцемент» ЖШС) кәсіпорындарынан нақты ауаға шығарындылар 2018 жылы 23590 тоннадан өткен жылы 18461 тоннаға дейін төмендетілген.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. You really make it appear so easy along with your presentation however I to
    find this matter to be really something which I feel I’d
    by no means understand. It sort of feels too complex and very broad for me.
    I am having a look forward to your subsequent put up, I will try
    to get the grasp of it! Escape room

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.