Шымкент: «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Абайлаңыз – балалар!» атты республикалық жедел профилактикалық шаралар ұйымдастыру акциясы аясында Шымкенттегі №17 М.Ю. Лермонтов жалпы орта мектебінде «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыбымен жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш шара барысында мектептегі Әл-Фараби АПБ ЮПБ мектеп инспекторы «Жолда қалай қауіпсіз жүру керек?» тақырыбында жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға үзіліс уақытында жол қауіпсіздігін сақтау ережесіне байланысты сауалдар қойылып, жолда жүру ережесімен таныстырып, арнайы парақтар таратылды.

Мектеп табалдырығын биыл аттаған балғындарға жол ережесін түсіндіріп, кейбірін жүргінші жолағынан жетектеп өтеді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерді топтастырып өткізіп, көлік кептелісін болдырмайды.

Айта кетейік, республика көлемінде өтіп жатқан «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы 14 мамырға дейін жалғасады.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ, балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.